Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институттың жас ғалымдары ТМД елдерінің жас тарихшы-ғалымдарына арналған Халықаралық жазғы мектепке қатысты


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкерлері Аман Күнекеев және Нұрлыбек Досымбетов Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында 2022 жылдың 17-23 қазан аралығында «СССР в 1922-1991 гг.: культурные трансформации в историческом контексте» атты ТМД елдерінің жас тарихшы-ғалымдарына арналған Халықаралық жазғы мектепке қатысты. Бір аптаға созылған ғылыми іс-шарада Ресей Ғылым Академиясының Жалпы тарих институтының, Ресей тарихы институты және ТМД елдерінен келген жетекші ғалымдар түрлі тақырыптарда лекциялар оқыды. Жас ғалымдардың өзара еркін пікір алмасу алаңына айналған аталмыш іс-шара жас ғалымдар үшін үлкен тәжірибе мектебі болып табылады.